25 мамыр 2021 | 09:32

Дәрігерлер тромб пайда болуының алғашқы белгілерін атады

Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінің мамандары ағзада тромб пайда болғанын білдіретін белгілердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінің мамандары ағзада тромб пайда болғанын білдіретін белгілердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Тізім Express газетінде жарияланды. Дәрігерлер тромб пайда болуының ерте белгілеріне мыналарды жатқызды:

  • ентігу;
  • кеуденің ауыруы;
  • ұзақ уақыт іштің қоймай ауыруы;
  • аяқтың ісінуі;
  • ауыр және ұзаққа созылатын бас аурулары;
  • көздің бұлыңғыр көруі.
Реклама
Реклама

Осы белгілер анықталса, дәрігерлер дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Бұған дейін Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің бас онкологы Игорь Хатьков ағзадағы қатерлі ісіктерді қандай белгілер көрсетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, дәрігерлерге ертерек барудың себебі салмақ жоғалту, емізіктен сұйықтық шығуы және меңдердің көбеюі болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная