ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2021 | 09:28
ДДСҰ COVID-19-дың жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африка мен Ботсванада табылған тез таралуы ықтимал COVID-19 штамын талқылау үшін шұғыл жиналыс өткізеді. Бұл туралы Financial Times газеті жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африка мен Ботсванада табылған тез таралуы ықтимал COVID-19 штамын талқылау үшін шұғыл жиналыс өткізеді. Бұл туралы Financial Times газеті жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Кездесу жұмада өтеді. Мәселе туралы білетін адамдардың айтуынша, онда SARS-CoV-2-нің B.1.1.529 аталатын нұсқасы талқыланады", - деп жазады газет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бұл нұсқа "алаңдаушылық" немесе "қызығушылық тудыратын" штамм санала ма, соны талқылайды, деді ақпарат көздері.
Оңтүстік Африкадағы Инновациялар және эпидемияға қарсы әрекет ету орталығының директоры Тулио де Оливейра басылымға жаңа штамды ДДСҰ шенеуніктерімен талқылағанын, олар шұғыл жиналыс өткізуді шешкенін айтты. Оның бағалауынша, Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы жаңа жағдайлардың шамамен 90 пайызы коронавирустың жаңа нұсқасынан туындаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мария Ван Керхове жаңа COVID-19 штамы зерттеліп жатқанын, оның ішінде оның мутациясының вакциналар мен диагностикаға тигізетін әсері туралы айтылды.
"Бұл бізге айтылған және Оңтүстік Африкадағы әріптестеріміз анықтаған нұсқа. Біз бұл туралы әлі көп білмейміз, бірақ бұл нұсқаның бар екенін білеміз. Алаңдап отырмыз. Өйткені көптеген мутация вирустың әрекетіне әсер етуі мүмкін", - деді ол.
Бұған дейін Daily Mail газеті ғалымдар Ботсвана, Оңтүстік Африка және Гонконгта коронавирус штамын анықтағанын жазды. Бұл COVID-19-дың кез келген басқа түрлерінен, соның ішінде "дельтаға" қарағанда қауіпті болуы мүмкін.
Мамандар В.1.1.529 иммундық жүйесі әлсіреген адамда, мысалы, АҚТҚ немесе ЖҚТБ-мен ауыратын науқаста пайда болуы мүмкін деп болжады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также