Электрондық поштаны ойлап тапқан адам қайтыс болды

Электрондық поштаны ойлап тапқан адам қайтыс болды © Corbis

Электрондық поштаны ойлап тапқан америкалық бағдарлама жасаушы Рэй Томлинсон 74 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC News.

Басылымның мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек талмасына ұшыраған. Томлинсон 6 наурызда АҚШ-та өз пәтерінде қайтыс болды.

1971 жылы Томлинсон бір компьютерден екінші компьютерге тұңғыш рет хат жіберген болатын. Бұл кезде ол Интернеттің ертедегі нұсқасы Arpanet деген түрін жасаумен айналысқан Bolt, Beranek and Newman (BBN) компаниясында жұмыс істейтін. Томлинсон Интернет ғалам торына шыққан бірінші адам саналады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бағдарлама жасаушы пошта адрестерінің иесін анықтау үшін @ символын қолдануды ұсынған. 2012 жылы Томлинсон Интернеттің "Инноваторлар" категориясының Даңқ залына кірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама