20 маусым 2019 | 14:58

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыратындар көбейген

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолова ағылшын тілінде тест тапсыратын түлектердің саны былтырғыға қарағанда биыл көп екенін айтты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары". 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолова ағылшын тілінде тест тапсыратын түлектердің саны былтырғыға қарағанда биыл көп екенін айтты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары". 

Маусым айындағы тестілеу кезеңіне қатысатын талапкерлердің 4324-і қазақ тілінде, 854-і орыс тілінде, 11-і ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген.

Реклама
Реклама

"Биыл сынақты ағылшын тілінде тапсыратындардың саны артты. Былтыр бұл көрсеткіштен аздау болған. Көп жағдайда 21-ші гимназия мен 9-шы мектептің оқушыларынан өтініш түседі", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ұлттық бірыңғай тестілеу сегіз ауданда өтіп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная