Ежелгі Мысыр халқының шыққан тегі белгілі болды

© gazeta.ru

Аустралия, Германия, Польша ж?не А?Ш генетиктері Ежелгі Мысырды? т?р?ындарыны? шы??ан тегіне зерттеу жасады. ?алымдарды? б?л зерттеуі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Аустралия, Германия, Польша және АҚШ генетиктері Ежелгі Мысырдың тұрғындарының шыққан тегіне зерттеу жасады. Ғалымдардың бұл зерттеуі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, ежелгі мысырлықтар Таяу Шығыстан келген болып шықты, нақты айтқанда, олардың ежелгі Левант пен Антолия халқымен генетикалық байланысы бар екені анықталды. Ал елдің қазіргі тұрғындарының ата-тегі Сахараның оңтүстігінен келген екен. 

Ежелгі адамдардың сүйектерінен алынған жүзге жуық митохондриялық ДНҚ-ға сараптама жасаған ғалымдар осындай шешімге келіп отыр. Зерттеу жасалған сүйектер ежелгі Мысырдың орталық бөлігінде  2,4 - 3,4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі екен.

Реклама
Реклама

Мамандар Ежелгі Мысыр тұрғындарының шыққан тегін алғаш рет анық зерттеуге мүмкін болғанын айтады. Мұндайға секвенциялаудың ең жаңа технологиясын қолдану арқылы қол жеткізу мүмкін болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама