17 ақпан 2021 | 08:30

Forbes Қазақстанның 27 жастағы тумасы туралы жазды

Фото: Facebook.com

Қазақстанның тумасы Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 америкалық тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның тумасы Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 америкалық тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы журналдың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның 27 жастағы тумасы Нұрмағамбетов 2019 жылы Танзаниядан келген 66 жастағы Амир Сандерджимен бірге Consilienz жүйесін құрды. Бұл жүйе ақшаны жымқыру және алаяқтық, сондай-ақ адам саудасы сияқты қаржы қылмыстарын анықтайтын бағдарламалық қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Forbes сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Нұрмағамбетов пен серіктесі құрған жүйе құқыққорғау органдарына, қаржы және мемлекеттік мекемелерге заңсыз транзакцияларды оңай табуға мүмкіндік береді, өйткені Consilienz ауқымды деректер базасы көптеген субъектіні, соның ішінде бақылау тізімдерінен алынған ақпаратты, корпоративтік жазбаларды және басқаны зерттейді.

Кәсіпкердің айтуынша, Forbes Next 1000 америкалық тізіміне кіру оңай болмаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Forbes Next 1000 америкалық тізімі. Бұл оңай болған жоқ. Мен көп нәрсені үйренуім керек және бұл тек бастамасы. Осы уақыт ішінде мен "сіз тұрған шайқас - сіздің соңғы шайқасыңыз емес" екенін түсіндім. Қазір жеңген нәрсеңізді қайта-қайта жеңесіз", - деп жазды жас кәсіпкер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная