12 желтоқсан 2019 | 10:14

Ғалымдар адамзатты жойып жіберетін астероидтар туралы айтты

Адамзатты жойып жіберетін астероидтар 100 миллион жылда Жерге құлайды, - деп хабарлайды РИА Новости "Роскосмос" ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы Игорь Бакарасқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамзатты жойып жіберетін астероидтар 100 миллион жылда Жерге құлайды, - деп хабарлайды РИА Новости "Роскосмос" ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы Игорь Бакарасқа сілтеме жасап. 

Гипотизалардың бірінде 65 миллион жыл бұрын динозаврлардың жойылып кетуіне астероид не комета себеп болған. Мексиканың оңтүстігіне құлаған нысан 300 шақырымдық Чиксулуб кратерін қалдырған. Ғалымдардың айтуынша, құлаған аспан денесінің көлемі 10 шақырым болған. 

Реклама
Реклама

"Ғалымдардың айтуынша, адамзат тіршілігін жойып жіберетін Жермен соқтығысқан 10 шақырымдық аспан денесі 100 миллион жылда бір рет құлайды екен. Қазіргі адамзат тарихында мұндай жағдай әлі тіркелмеген", - деді Бакарас.

Ол басқа да кішігірім астероидтарды мысалға алды. Бір шақырымдық астероидтың өзі жаһандық апатқа алып келуі мүмкін екен. Соқтығысу кезінде 20 шақырымдық кратер қалады. "Мұндай жағдайлар бір миллион жыл сайын болып тұрады", - деді ғалым. 

Диаметрі 100 метрлік астероид бір өңірдегі апаттың болуына себепші (кратер радиусы 20 шақырым) немесе мұхитқа түскен жағдайда цунами болады. 

2019 жылдың басында ғалымдар Күн жүйесіне қарасты 18 мың қауіпті ғарыш нысандарының барын анықтады, олардың 99 пайызы астероидтар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram