04 тамыз 2021 17:38

Ғалымдар балаларда байқалатын COVID-19-дың негізгі белгілерін анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Лондондағы Корольдік колледж зерттеушілері балалардың жағдайын бақылап, олар ересектерге қарағанда вирустың ауыр белгілерін сезбейді деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Brussels Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зерттеушілер 5-17 жас аралығындағы 250 мыңнан аса науқастың денсаулығы туралы күнделікті есептерді қарап шыққан.

Балаларда жиі кездесетін коронавирус белгілерінің ішінде бас ауруы (62,2 пайыз) және шаршау (55 пайыз) тіркелген. Балаларда тамақтың ауруы мен иіс сезудің жоғалуы (аносмия) сияқты басқа белгілер байқалмаған.

Реклама
Реклама

Зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан емделгеннен кейін байқалатын белгілер балалардың тек 4,4 пайызында анықталған екен. Аурудың орташа ұзақтығы алты күнге созылады.

Зерттеу нәтижелері The Lancet ғылыми журналында жарияланған.

Бұған дейін Назарбаев университетінің профессоры балалар коронавирусқа қалай шыдайтыны және ауру кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін екені туралы айтып берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram