03 ақпан 2022 | 17:04

Ғалымдар бетперденің омикрон штамына қарсы тиімділігін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Бетперде тақпаған науқаспен 15 минуттық қарым-қатынаста омикрон штамын жұқтыру қаупі шамамен 100 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nikkei Asia басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бетперде тақпаған науқаспен 15 минуттық қарым-қатынаста омикрон штамын жұқтыру қаупі шамамен 100 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nikkei Asia басылымына сілтеме жасап.

Мұндай қорытындыны RIKEN физика-химиялық зерттеулер институтының жапон ғалымдары жасаған. Олар "Фугаку" суперкомпьютері арқылы ықтимал жағдайларды модельдеген. Зерттеушілер 15 минут бойы бетперде тақпаған науқас адаммен сөйлескен кезде сөзсіз инфекция жұқтыру мүмкін деген қорытындыға келген.

Сонымен қатар, егер вирус тасымалдаушысы бетперде тағып, қарым-қатынас бір метрден астам арақашықтықта жүргізілсе, жұқтыру мүмкіндігі нөлге жақын. Вирус тасымалдаушысы бетперде тақпаған және бірдей арақашықтықта болған жағдайда, жұқтыру мүмкіндігі 60 пайызға дейін артады. Егер вирус жұқтырған адам бетперде киіп жүрсе, қауіп бірнеше есе төмендейді - қысқа арақашықтықта 14 пайызға дейін және алыс арақашықтықта нөлге дейін.

Реклама
Реклама

Зерттеушілер маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау омикрон штамының таралуын болдырмаудың тиімді әдістері деген қорытындыға келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная