09 қыркүйек 2017 11:15

Ғалымдар "жын иектеген" монах әйелдің 1676 жылы қалдырған үндеу хатында не жазылғанын зерттеп білді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық мамандар тобы сициялық монах әйел Мария Крочифисса делла Консеционенің (Maria Crocifissa della Concezione) 1676 жылы қалдырған үндеу хатында не жазылғанын зерттеп білді, - деп хабарлайды Вести.Ru


Италиялық мамандар тобы сициялық монах әйел Мария Крочифисса делла Консеционенің (Maria Crocifissa della Concezione) 1676 жылы қалдырған үндеу хатында не жазылғанын зерттеп білді, - деп хабарлайды Вести.Ru

Мария Пальма ди Монтекьяро деген Бенедикт монастырында өмір сүрген. Күндердің күнінде ол таңда оянып, қолының сия болғанын, ал алдында түсініксіз символдар жазылған қағаз жатқанын байқайды. Қалған монах әйелдерге бұл хатты ол өзін иектеген жынның жазғанын айтып берген.  

Кодталған үндеу монастырьда жұртшылыққа көрсетілген. Алайда осы күнге дейін оның мағынасын түсіндірген ешкім болмаған. 


© Blitz Quotidiano Пальма ди Монтекьяро монастырі.


© The Times

Ludum ғылыми орталығының мамандары бұл жұмбақ хатты тану үшін Интернетте әдеттегі браузерлер арқылы немесе іздеу жүйелері арқылы ашуға келмейтін "Күңгірт Интернет" немесе DarkWeb бағдарламасын қолданған. 

Зерттеушілер Марияның бұл хатты өз тіл біліміне сай бірнеге тілде жазған деген тұжырым жасаған. Әлгі бағдарламаға латын, ежелгі грек және заманауи грек, езид тілі және басқаларды енгізілген. 

"Біз бұл бағдарлама туралы тыңшы қызметтері мәтін тануға қолданады деп естігенбіз. Софтқа грек, араб және руна әліппесін латын тілімен бірге енгіздік. Сөйтсек, шын мәнінде жын жазғандай екен", - деп келтіреді институт директоры Даниель Абаттың сөзін Medialeaks.ru.

Тіл мамандары қорытындысында хаттың 15 тармағын танып білген, онда адамдардың арасындағы қарым-қатынас, құдай мен әзәзілдің қарым-қатынасы жайлы жазылған делінеді. Үндеудің мәтінінде сөздер бір-бірімен байланысты да емес екен. Ғалымдардың пайымынша, Марияны жын иектемеген, ол шизофренияға шалдыққан немесе биполярлық ауытқушылығы болған. 

Сонымен, үндеуде Құдай, Иса және Киелі рух - "пайдасыз, артық жүк", "Құдай қарапайым адамдарды босата аламын деп есептейді" делінген. Мария Құдайды адам ойлап тапқанын және жүйенің ешкімге де әсері жоқ екенін жазған-мыс. Ежелгі грек мифологиясындағы Стикс өзені жайлы ада айтылады, бұл туралы хатта "соған қарағанда күмән жоқ" деп жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети