Ғалымдар коронавирус жаппай тарайтын уақытты атады

Фото: science.lu

АҚШ ғалымдары коронавирустың шарықтау шегіне қашан жететініне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды, Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress сайтына сілтеме жасап.

АҚШ ғалымдары коронавирустың шарықтау шегіне қашан жететініне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды, Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress сайтына сілтеме жасап.

Мичиган университеті қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары 2010 жылдан бастап адам ағзасында коронавирустың 4 түрі (OC43, 229E, HKU1 және NL63) қалай тарайтынын бақылаған. Зерттеу жұмысына 1,4 мың адам қатысқан. Бүгінде олар зерттеу жұмысын аяқтапты.

Мамандар коронавируспен ауыру маусымдық сипатқа ие деген қорытынды жасаған. 97,5 пайыз жағдайда аурудың таралуы бәсеңдеген. Ал қаңтар және ақпан айларында ауру шарықтау шегіне жеткен.

Реклама
Реклама

Ғалымдардың айтуынша, зерттелген маусымдық коронавирустың SARS-CoV-2-мен байланысы бар. Бұл вирус COVID-19 пандемиясын туғызып отыр.

Алайда ғалымдар жаңа коронавирус қандай боларына қатысты болжам жасай алмайтынын айтады.

Айта кетейік, әлемде 1,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 88 мыңнан аса науқас аурудан көз жұмды.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама