13 сәуір 2020 | 09:53

Ғалымдар коронавирус қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады

Фото: Global Look Press

Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская Газета" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская Газета" басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу қорытындысы Emerging Infecious Diseases журналында жарияланған.

Реклама
Реклама

Баяндама бойынша, коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар "індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап таппаған.

Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды. 

Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқкиімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған. 

Сонымен қатар, олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная