Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитетті "бірден қалыптастыратын" әдіс тапты

Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитетті "бірден қалыптастыратын" әдіс тапты © Reuters

Лондондағы Университет колледжінің ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитетті бірден қалыптастыратын препаратты зерттеп жатыр. Бұл туралы The Guardian басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы Университет колледжінің ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитетті бірден қалыптастыратын препаратты зерттеп жатыр. Бұл туралы The Guardian басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбританиялық мамандар Storm Chaser препаратын Оксфорд униветситетімен бірлесіп коронавирусқа вакцина әзірлеген AstraZeneca ағылшын-швед фармкомпаниясымен бірлесіп жасаған.  

Жаңа дәрінің құрамында коронавирусқа қарсы антидене қоспасы бар. Ол екі кезең бойынша салынады. Зерттеушілердің сөзінше, мұндай коктейль бірден иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді. Иммундық реакция бірнеше күннің ішінде қалыптасады деп болжанған. 

Реклама
Реклама

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу сәтті аяқталған жағдайда препарат ауруханадағы науқастар, қарттар үйіндегі адамдар және жатақханада тұратын студенттер арасында коронавирус тарауын тоқтады. 

Мамандар препарат адамдарды коронавирустан 6-12 ай аралығына дейін қорғайтынын айтады. Бүгінде дәрі клиникалық зерттеудің І кезеңінде. Ол 10 еріктіге салынған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама