16 маусым 2021 | 09:48

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ерекше әдісті атады

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Йель университетінің ғалымдары COVID-19-дан қорғайтын ерекше әдісті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Йель университетінің ғалымдары COVID-19-дан қорғайтын ерекше әдісті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, тұмаурату кезінде науқастың денесінде иммундық реакция болады, ал ол коронавирус инфекциясынан қорғайды.

Ғалымдар зертханада тыныс алу тіндерін өсіріп, оған риновирусты жұқтырған. Ол - тұмауды тудыратын вирус. Кейін оған коронавирусты жұқтырған. Мамандардың айтуынша, бірінші вируспен әрекеттескеннен кейін иммундық жүйе іске қосылып, COVID-19-дың таралуын тоқтатқан. Ғалымдар зерттеу нәтижесі инфекцияны емдеудің тиімді әдістерін жасауға көмектеседі деп үміттенеді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мамандар бұл әдісті науқас коронавирус жұқтырған сәтте мүмкіндігінше тез қолдану керек екенін айтты.

"Бәрі уақытқа байланысты. Вирустар арасында өзара әрекеттесу болады, ол бізге түсініксіз. Нәтижесі жұмбақтың жауабы. Оны шешеміз", - деді Йель медицина мектебінің доценті Эллен Фоксман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная