28 сәуір 2021 | 12:37

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

Ашық дереккөзден

Техаста A&M университетіндегі зерттеу тобы SARS-CoV-2 коронавирусын бір секундта жоятын әдісті тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Техаста A&M университетіндегі зерттеу тобы SARS-CoV-2 коронавирусын бір секундта жоятын әдісті тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар тұжырымы Phys.org сайтындағы баспасөз хабарламасында жарияланған, деп жазды басылым. Олардың айтуынша, арнайы құрылғыдағы жоғары температура вирусты бір сәтте өлтіруге қабілетті.

Коронавирусқа қарсы жылуды қолдану тиімділігі бұрын да көрсетілген. Бірақ алдыңғы зерттеулерде температура әсері бір минуттан 20 минутқа дейін созылған. Бұл оны қолдану іс жүзінде тиімсіз екенін көрсеткен.

Реклама
Реклама

Мамандар тот баспайтын болаттан жасалған түтігі бар жаңа тәжірибе қондырғысын жасаған. 72 градусқа дейін қыздырған кезде, ерітінді құрамындағы коронавирус титрі бір секундқа жетпестен жүз мың есе азайған. Бұл коронавирусты толығымен жою үшін жеткілікті.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл әдісті ауа айналымы, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады.

Бұған дейін мамандар коронавирусқа суық қалай әсер ететінін түсіндірген болатын. Олардың айтуынша, температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная