24 маусым 2021 | 10:10

Ғалымдар коронавирусты тарататын жаңа факторды анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Ашық дереккөздерден

Кипрдегі Никосия университетінің зерттеушілері коронавирус ауада ағаш тозаңы арқылы таралуы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кипрдегі Никосия университетінің зерттеушілері коронавирус ауада ағаш тозаңы арқылы таралуы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар әртүрлі бөлшек вирустың таралуына қалай әсер ететінін түсіну үшін тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде COVID-19-дың өршуі мен ауадағы тозаң концентрациясы арасында байланыс бар екені белгілі болған.

Мамандар компьютерлік модель жасап, тозаңының таралуын көрсеткен. Деректерді талдағаннан кейін олар тозаң вирус бөлшектерін тасмалдауға көмектеседі деген қорытындыға келеді. Тозаң минутына 20 метрге дейін ұшып, адамдар арасында вирус бөлшектерін тасымалдай алады.

Реклама
Реклама

Аллергендердің ұлттық картасын қарап шыққаннан кейін, олар ауадағы тозаң концентрациясы жоғары жерлерде инфекция жұқтыру жағдайлары көп тіркелгенін анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдайда екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау жеткіліксіз болуы мүмкін.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда үлгілері қосымша тексеруге жіберілген науқастардың 56 пайызында үнді штамы алдын ала расталған, ал Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная