Ғалым Атырау облысындағы "қанды" көлдің түсін түсіндіріп берді

© Wikimapia.org

Goolge Maps сервисі арқылы анықталған Атырау облысындағы "қанды" көл топырақ пен балдырлардың себебінен ерекше түсті боп көрінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Сәулет Сәкенов айтып берді.

Оның айтуынша, көлдің мұндай түсті болуына екі фактор әсер етуі мүмкін. "Мен көлдің түсі топырақ пен онда өсетін балдырларға байланысты екенін айта аламын", - деді ғалым. Оның айтуынша, көлдің түсі жарықтардың шағылысуынан ғарыштан ғана осылай көрінуі, ал жақыннан қарағанда қалыпты су болуы мүмкін.

Географтың айтуынша, Қазақстанда ерекше түсті көлдердің болуы сирек емес. "Мысалы, тұран барысын көбейту бағдарламасы аясында Балқаш көлінің төбесінен бақылау жүргіздік. Сол кезде түрлі түсті - қызыл, сары, жасыл көлдерді көрдік. Бұл топырақ пен өсімдікке байланысты", - деді Сәкенов.

© Сәулет Сәкенов
Реклама
Реклама
 
Еске сала кетейік, Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықта "қанды" көл анықталған болатын. Нысанның координаты: 46°27'49"N 53°51'14"E. 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама