Ғалымдар балықтан жасалған тағамның адам ағзасына зиян екенін анықтады

© Jake Warga / Danita Delimont / Globallookpress.com

Америкалық ғалымдар балықтың тіндерінен адам ағзасын әлсірететін заттарды анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, теңіз жануарларының тіндеріне түсетін күшті органикалық ластаушылар осы балықты тұтынған адамға артық токсиндерден құтылуға мүмкіндік бермейді.

Адам ағзасында улағыш заттарды жібермейтін P-гликопротеин (P-gp) атты ақуыз бар. Ғалымдар күшті органикалық ластаушылардың осы P-гликопротеиннің ішіне оңай кіріп, ағзаны ластайтынын бұрыннан айтып жүрген еді. Дегенмен ғалым Амро Хамдун мен оның ұжымдастары күшті органикалық ластаушылардың P-гликопротеиннің ішіне кірмейтінін, оған жабысып алып, адам ағзасын қорғау жүйесін бұзатынын анықтады. 

Реклама
Реклама

"Біз мұндай балықты жеген кезде ағзамыздағы маңызды қорғау жүйесінің тиімділігін бұзамыз. Бұл адамдарға да, теңіз жануарларына да қатысты", - деді Хамдун.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама