Ғалымдар екі ғасыр бұрын өмір сүрген адамды "тірілтіп алды"

Иллюстрациялық сурет © РИА Новости

Зерттеушілерді? халы?аралы? тобы ал?аш рет тіндері ДН? ?лгілерін алу?а келмейтіндей жойыл?ан адамны? геномын толы?тай дерлік ?алпына келтірді. ?алымдар 1827 жылы ?айтыс бол?ан адамны? артында ?ал?ан ?рпа?тарыны? генетикалы? материалын зерттеген екен. ?алымдарды? б?л зерттеуі Nature Genetics журналында жарияланды.

Зерттеушілердің халықаралық тобы алғаш рет тіндері ДНҚ үлгілерін алуға келмейтіндей жойылған адамның геномын толықтай дерлік қалпына келтірді. Ғалымдар 1827 жылы қайтыс болған адамның артында қалған ұрпақтарының генетикалық материалын зерттеген екен. Ғалымдардың бұл зерттеуі Nature Genetics журналында жарияланды.

ДНҚ Ганс Джонатан (Hans Jonatan) атты қара нәсілді құлға тиесілі болған. Ол Кариб теңізіндегі Данияның колониясы болған Санта-Крус аралында дүниеге келген. Кейін ол Исландияға қашып барып, ондағы жалғыз қара нәсілді адам болған. Бұл жағдай оның геномын бірегей етіп отыр. Жергілікті халық оған жылы шырай танытып, Джонатан үйлене де алған. Бостандыққа қол жеткізген адам үш баланың әкесі атаныпты. 

Ғалымдар Исландияның гениологиялық мәліметтер базасына сараптама жасап, Джонатанның 182 ұрпағы барын анықтаған. Ол адамдардың геномында бабаларының аз да болса жұрнағы қалған екен. Осы арқылы зерттеушілер бұрын құл болған адам геномының үлкен бөлігін қалпына келтірген және ата тегін анықтай да алған. Зерттеушілердің пайымынша, оның анасы афроамерикалық, ал әкесі еуропалық нәсілден болған екен. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама