Ғалымдар қартаюдың алдын алудың жолын таптық деп жар салды

© Fotolia

??рттар мен с?т?оректілерді? тіршілік ?за?ты?ына жауап беретін молекулалы? механизм белгілі бір а?уыздар тобына байланысты. Б?л туралы Кейс Вестерн Резерв Университеті ?алымдарыны? Nature Communications журналында жариялан?ан баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Құрттар мен сүтқоректілердің тіршілік ұзақтығына жауап беретін молекулалық механизм белгілі бір ақуыздар тобына байланысты. Бұл туралы Кейс Вестерн Резерв Университеті ғалымдарының Nature Communications журналында жарияланған баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар зерттеу барысында гендердің белсенділігін реттейтін KLF ақуыздарының жоғарылауы не төмендеуінің Caenorhabditis elegans нематодтардың өмірін қаншалықты ұзартатыны немесе қысқартатынын анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, KLF ақуыздары төмендеген жағдайда жасушаларда уытты заттар жиналып, ол организмнің қартаюына әкеледі.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ, бұл ақуыздар қантамырдың фунциясын бір қалыпта сақтап тұру үшін маңызды. Ақуыз мөлшері төмендеген жағдайда адамда гипертония, жүрек-қан тамырларының ауруы және деменция пайда болуы мүмкін", - делінген ғалымдардың баяндамасында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама