02 қаңтар 2022 | 10:12

Грек ғалымы коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay

2022 жылы 20 ақпанда омикрон штамына байланысты жағдай аяқталады, бұл коронавирус инфекциясының соңғы мутациясы болуы мүмкін. Бұл туралы Салоникадағы Аристотель университетінің профессоры Демостен Сарианис мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы 20 ақпанда омикрон штамына байланысты жағдай аяқталады, бұл коронавирус инфекциясының соңғы мутациясы болуы мүмкін. Бұл туралы Салоникадағы Аристотель университетінің профессоры Демостен Сарианис мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.

Кейінгі бес күнде Грекияда коронавирус жағдайының саны артты. 31 желтоқсанда 40,5 мың жағдай анықталды, көпшілігі омикрон жұқтырған.

Профессор мұндай үрдіс 20-22 қаңтарға дейін жалғасады деп санайды. Ол тіркелетін жағдай саны 80 мыңнан асатын күндер де болуы мүмкін екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Осылайша, 20 ақпанда, омикрон штамы бір ай өткен соң аяқталады. Содан кейін бір аптада орта есеппен 3500-4000 жағдай тіркеледі. Бізде омикрон штамы кетеді және қоғамның көп бөлігінде жақсы иммунитет қалыптасады", - деді Сариянис.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная