13 ақпан 2019 | 10:05

Гренландия мұздығының түбінен құлаған метеориттің ізі табылды

Камила Долаева Журналист
© NASA

NASA ғалымдары Гренландияның мұз қабатының астынан тағы бір ірі кратерді анықтады. Диаметрі 36 шақырым және оның алдында табылған кратер сияқты дұрыс зерттеліп болмаған, - деп хабарлайды Naked Science тілшісі Geophysical Research Letters журналында жарияланған еңбекке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

NASA ғалымдары Гренландияның мұз қабатының астынан тағы бір ірі кратерді анықтады. Диаметрі 36 шақырым және оның алдында табылған кратер сияқты дұрыс зерттеліп болмаған, - деп хабарлайды Naked Science тілшісі Geophysical Research Letters журналында жарияланған еңбекке сілтеме жасап. 

2018 жылдың қарашасында ғалымдар Гренландияның солтүстік-батысындағы Гайавата мұз айдынының астынан белгісіз кратерді тапқан. Оның диаметрі 31 шақырым. Кратердің моделін жасау арқылы оның көлемі бір жарым шақырымдық метеорит құлауынан пайда бола алатыны анықталған. 

Реклама
Реклама

Кратерді зерттеуге қатысқан NASA ғарыштық ұшу орталығының гляциологы Джон МакГрегор Гренландия мұзының астында екінші кратерді тапқан зерттеу тобының жетекшісі болды.

Екі ірі нәрсе де тереңде жатыр. Бірінші кратер 930 метрде, екіншісі шамамен екі шақырым тереңде жатыр. 

Мамандардың пайымдауынша, жаңа табылған кратер аспан денесінің құлауынан пайда болған. Бұл қашықтан зондтаудың 11 түрлі бағдарламасы арқылы расталды.

Зерттеулер Жердің ішкі қабатында жарық пайда болғанын көрсетеді. Ол бірінші кратердің орналасқан жерінен оңтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан. Ол Гайаватадан гөрі дөңгелектеу, бірақ ғалымдар олардың ұқсастығын атап өтті.

Екі нысанның ұқсастығына қарамастан, ғалымдардың айтуынша, олар метеорит құлауынан пайда болса да, олар бір-бірінен бөлек пайда болған. Зерттеу тобы жақында табылған кратердің 100 мың жылға жетер-жетпес уақытта, ал Гайаватаның шамамен 11,7 мың жыл бұрын қалыптасқанын айтады. 

Метеориттердің Жерге құлау тарихын жарияламас бұрын осы екі соққыдан пайда болған кратерді зерттеу жоспарланып отыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная