ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2021 | 16:11
Халықаралық ғарыш станциясында ғылымға белгісіз бактериялар табылды
Зерттеушілер Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) өмір сүретін бактериялардың жаңа түрін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Зерттеушілер Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) өмір сүретін бактериялардың жаңа түрін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар ХҒС-да Methylobacteriaceae тұқымдасына жататын бактериялардың төрт штамын тапты. Біреуі ХҒС зерттеу станцияларының жоғарғы панелінде, екіншісі күмбезде, үшіншісі асхана үстелінен, ал төртіншісі HEPA сүзгісінен табылды.
ХҒС-да алты жыл бойы тұрақты түрде бактериялар өсетін орындар бақыланып келеді. Олардың пайда болуын ғалымдар астронавттар тамағымен байланыстырады. Олар бортта бактериялардың таралуына ықпал етеді.
Сарапшылар барлық төрт штамм бактериялар тұқымдасына жататынын анықтады, олар бұрын тек топырақ пен тұщы суда табылған. Олар өсімдіктердің өсуіне қатысады және өсімдіктердің қоздырғыштарын тоқтатуға, азотты бекітуге көмектеседі.
Бір штамм Methylorubrum rhodesianum ретінде анықталды, қалған үшеуі бұрын анықталмаған және әйгілі үнді биологы доктор Аджмала Хан құрметіне аталған Methylobacterium ajmalii түріне жатады.
NASA реактивті қозғалыс зертханасының (JPL) докторы Кастури Венкат пен Нитин Кумар Сингх штамдардың ғарышта дақылдарды өсіру үшін "биотехнологиялық пайдалы генетикалық детерминанттарға" ие болуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін ғалымдар бактериялардың 12 мың жаңа түрін тауып, Марста өмір сүре алатын ағзаларды анықтаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также