21 қараша 2018 20:10

IELTS пен TOEFL тапсырғандар ҰБТ-да ағылшын тілінен босатылады

Ағылшын тілін білетіні туралы халықаралық сертификаты бар түлектер, мысалға IELTS пен TOEFL сынағынан өткендер ағылшын тілін таңдаған жағдайда ҰБТ-да бірден жоғарғы балға ие болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы шет тілін білетіні туралы халықаралық сертификаты бар оқушылардың "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босатылуы туралы норма енгізіледі. 

Реклама
Реклама

Егер оқушылардың IELTS, TOEFL және басқа да халықаралық сертификаты болса және олардың көрсеткіші 6,0 және одан жоғары болса - бұл айтарлықтай жоғарғы балл, яғни бұл оның ағылшын тілін жақсы меңгергенін білдіреді және сол себепті ол осы пән бойынша тестілеуден босатылады. Ол тек сертификатын көрсетіп, нақты балды алады", - деді Аймағамбетов. 

Оның айтуынша, бұл тәжірибе магистратураға тапсырушылар үшін қолданылғанын айтады. 

Сертификаттың мерзімі өтіп кетпеуі қажет.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram