ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қараша 2017 17:37
ІІД арнайы операция кезінде ұсталғандардың "дикий Арманмен" байланысын растамады
Алматы ?алалы? ІІД-ні? ?кілдері ?алада ?ткен арнайы операция кезінде ?стал?андарды? "дикий Арманмен" байланысы барын раста?ан жо?, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД-нің өкілдері қалада өткен арнайы операция кезінде ұсталғандардың "дикий Арманмен" байланысы барын растаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Дикий Арманмен" байланысы бар деген ақпаратты растамаймыз", - деді Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 12 қарашасында шамамен сағат 23.00-де Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылғы тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу