Израиль аппараты Айға қону кезінде апатқа ұшырады

Израиль аппараты Айға қону кезінде апатқа ұшырады Иллюстрациялық фото: Euronews

Израильдың "Берешит" ғарыш аппараты Айға қону барысында апатқа ұшырады. Бұл туралы миссия жетекшілерінің бірі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Израильдың "Берешит" ғарыш аппараты Айға қону барысында апатқа ұшырады. Бұл туралы миссия жетекшілерінің бірі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Өкінішке қарай, аппаратымызды қондыра алмадық", - деді ол. 

Бұған дейін аппарат қону барысында Жермен байланысы үзілген болатын. 

Жарнама
Жарнама

Аппарат 22 ақпанда Falcon 9 зымыран-тасығышының көмегімен америкалық ғарыш айлағанын ұшқан еді. Ол сағатына 36 мың шақырым жылдамдықпен 6,5 миллион шақырым ұшып өткен. Бір апта бұрын "Берешит" айдың орбитасына енген болатын. Осылайша, Израиль ай орбитасына енген жетінші ел атанған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама