ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2017 | 21:47
Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгереді
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған тәжірибелік орталықта жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған тәжірибелік орталықта жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.
Бүгінде жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияларды меңгеруі және оны өмірде қолдана білуі үлкен маңызға ие. Осы орайда педагогикалық институтта тәжірибелік-инновациялық орталық құрылып, арнайы жоба іске асырылуда. Мақсат - студенттермен қатар мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың қызығушылығын арттыру және зияткерлік әлеуетін көтеру.
Зертханалық жұмыстар 6 бағыт бойынша жүргізілуде. Институт ғалымдары химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, тың ойларын ортаға салуда. Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "Электротехника", "Радиотехника", "Электроника негіздері" және "Мектептегі робототехника" оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған.
Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылмақ. Бүгінде педагогикалық оқу орны өңірдегі бірқатар кәсіпорындармен келісімге отырған. Осыған орай, институт студенттері түрлі өндіріс зертханаларында өз жобаларын тәжірибеден өткізуде.
Показать комментарии
Читайте также