22 ақпан 2017 21:47

Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгереді

© ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған тәжірибелік орталықта жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған тәжірибелік орталықта жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

Бүгінде жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияларды меңгеруі және оны өмірде қолдана білуі үлкен маңызға ие. Осы орайда педагогикалық институтта тәжірибелік-инновациялық орталық құрылып, арнайы жоба іске асырылуда. Мақсат - студенттермен қатар мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың қызығушылығын арттыру және зияткерлік әлеуетін көтеру.

Реклама
Реклама

Зертханалық жұмыстар 6 бағыт бойынша жүргізілуде. Институт ғалымдары химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, тың ойларын ортаға салуда. Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "Электротехника", "Радиотехника", "Электроника негіздері" және "Мектептегі робототехника" оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған.

Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылмақ. Бүгінде педагогикалық оқу орны өңірдегі бірқатар кәсіпорындармен келісімге отырған. Осыған орай, институт студенттері түрлі өндіріс зертханаларында өз жобаларын тәжірибеден өткізуде.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram