Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay

Жапондық зерттеушілер маймылда АИТВ-ны жойған вакцина жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK сайтына сілтеме жасап.

Жапондық зерттеушілер маймылда АИТВ-ны жойған вакцина жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK сайтына сілтеме жасап.

Жапон ұлттық биомедициналық инновациялар, денсаулық және тамақтану институтының зерттеушілері жаңа вакцина алған жапон макакаларына сынақ жүргізген.

Зерттеушілердің айтуынша, жеті маймылдың төртеуі жұқтырған, бірақ кейінірек ауру макакалардың денесінде вирус анықталмаған.

Реклама
Реклама

Ғалымдар жануарлардың денесінде вакцинамен қоздырылған иммундық реакция АИТВ-ның жойылуына әкелді деп санайды.

Зерттеушілер шамамен бес жылдан кейін адамдарға клиникалық сынақтарды бастайтындарына үміттенеді.

Бұған дейін ресейлік ғалымдар өздері әзірлеген препарат АИТВ-ны емдеп жаза алатынын айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама