Қазақ оқушысы Бүкілресейлік математиктер бәйгесінің жүлдесін қанжығалады
Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 17 жастағы оқушысы Мәскеуде 1-2 ақпан аралығында өткен мектеп оқушыларының ғылыми жұмысына арналған Бүкілресейлік математиктер бәйгесінің І деңгейлі дипломымен марапатталды. Оқушының аты-жөні - Әділсұлтан Лепес.