Қазақстан азаматтарына Үндістанда білім алуға стипендия ұсынылады

Фото mk.gov.kz сайтынан алынды

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына өз жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2015-2016 жылдарға арналған стипендия ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Стипендия бакалавриат, магистратура, сондай-ақ, PhD докторантура деңгейлерінде білім алуға және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен орындаушылық өнер саласында ғылыми тәжірибеден өту үшін беріледі. 

Бұл стипендияны алу үшін ағылшын тілін тиісті деңгейде білу қажет. Сонымен қатар, үміткерлер магистратура, PhD докторантура деңгейлері бойынша болашақ ғылыми жұмыстарының қысқаша аннотациясын ұсынуы тиіс.

Құжаттар 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін Астана қаласындағы Үндістан елшілігінің мәдени орталығында қабылданады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама