06 наурыз 2014 13:55

Қазақстан биыл 3 ғарыш аппаратын ұшырады

Фото Аlashainasy.kz

Қазғарыш агенттігі сәуір айының соңында Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін қазақстандық алғашқы жерсерік ұшыруды көздеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жерсерікті Қазғарыштың арнайы тапсырысымен EADS Astrium француз компаниясы жасаған. Енді жоғары кеңістікті ғарыш аппараты "Вега" зымыран тасығышымен Француз Гвианасының Куру ғарыш айлағынан ұшырылмақ. Сонымен қатар, сәуір айында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Қазсат-3" қазақстандық байланыс жерсерігін ұшыру жоспарланған. Мұндай үшінші телекоммуникациялық "Қазсат" сериясының ғарыш аппараты ресейлік "Луч5В" жерсерігінің тобымен "Протон-М" зымыран тасығышы арқылы ұшырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазғарыш Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін және бір жерсерікті ұшыруды жоспарлап отыр. Ол аппаратты EADS Astrium еуропалық концернінде жасап, Орынбор облысындағы "Ясный" ғарыш айлағынан "Днепр" зымыран тасығышымен ұшады делініп отыр. Агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев "Алда жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін спутникті ұшыру - халықаралық ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибелік нәтижесі болады", - дейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram