24 қаңтар 2020 | 09:10

Қазақстанда білім стандартына сай емес екі университет жабылуы мүмкін

Телеарна сюжетінің кадры

Білім министрлігі Ақтаудағы Қазақстан теңіз университеті мен Алматыдағы Орталық Азия университетінің лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған. Бірақ бұған келіспеген оқу орындарының басшылары сотқа жүгініпті. Ал министрлік бұл университеттердегі жағдай білім беру стандартына сай келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім министрлігі Ақтаудағы Қазақстан теңіз университеті мен Алматыдағы Орталық Азия университетінің лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған. Бірақ бұған келіспеген оқу орындарының басшылары сотқа жүгініпті. Ал министрлік бұл университеттердегі жағдай білім беру стандартына сай келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жоғары оқу орны студенттерді қабылдау барысында ҰБТ нәтижесі ескерілмеген немесе техникалық және кәсіптік ұйымдарын бітірген оқушылар емтихансыз қабылдаған. Лабораториялық базасына да сұрақтар болды. Сондықтан осындай шешім қабылданды", - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Реклама
Реклама

Аталған университеттердегі студенттерді даярлайтын ұстаздар арасында ғылыми дәрежелі мамандар тым аз екен. "Соның кесірінен ертең шәкірттер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады", - дейді министрлік. Мұндай кемшіліктер былтыр анықталып, оны жоюға оқу орындарына уақыт беріліпті.

Телеарна мәліметінше, жағдай еш өзгеріссіз қалған көрінеді. Кемшілікті дер кезінде ретке келтірмеген оқу орындарының басшылары тілшілерге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Тек сабақтың тоқтатылмағанын жеткізді. Ал жайсыз жаңалықты естіген студенттер бұл жағдайға алаңдап жүр. Өйткені көбі оқу ақысын төлеп үлгерген. Енді қос білім ордасының тағдырын сот шешеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная