Қазақстанда мектеп оқулықтары жаңартылады

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қазақстанда мектеп оқулықтары жаңартылады Фото © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, - деп хабарлайды Tengri Education.

Қазақстанда мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, - деп хабарлайды Tengri Education.

Сүлейменова айтуынша, 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. Ал 2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды толық ауыстыра отырып, 10-11 сыныптардың оқулықтарын өзектендіру жоспарланған. 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылады.

Министр бұл тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге, олардың аналитикалық және ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Осылайша, білім беру жүйесі Мемлекет басшысының алға қойған жаһандық ғылыми-технологиялық өзгерістер жағдайында лайықты бәсекелесе алатын технологиялық ұлт қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетін дәйекті түрде жүзеге асырады", - деді Сүлейменова.

Сонымен қатар, өндірісте теориялық дайындық пен кәсіби дағдылардың тиімді үйлесімін қамтамасыз ететін дуальды оқыту жүйесін күшейте отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылады.

Тәрбие жұмысы да күшейтіледі. 5-9 сыныптарда "Адал азамат" бірыңғай бағдарламасы, "Конституция негіздері", "Заң мен тәртіп" курстары, экологиялық білім беру енгізіледі, бұл мектеп оқушыларының азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін, әлеуметтік және экологиялық құзыреттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама