ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2019 | 10:11
Қазақстанда тұңғыш рет ақылы ҰБТ өтіп жатыр
Қазақстанда бірінші рет ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бірінші рет ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, қаңтарда 35 838 бала тестілеуден өтеді.
"Бүгін біз тарихи кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Барлық өңірлер таңғы 7:30-да есеп берді - ауыл, аудан, қала, облыстарда барлық балалар ҰБТ тапсыруға кіріскен. Балалар тағы үш рет тапсыра алады. Маусымда тапсыратын ҰБТ жоғарғы оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Баланың психоэмоциясы жақсарады", - деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева
2019 жылдан бастап ақылы ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Қысқы тестілеу кезеңі қаңтардың 18-20 аралығында өтеді.
Грантқа түсу үшін қатысушыцлар міндетті түрде маусымдағы ҰБТ тапсыруы керек. Жалпы тапсыру форматы бұрынғыдай. Бұл норма жоғары білім алу мақсатында жасалып отыр.
ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдау 2018 жылы 1-15 қаңтар аралығында жүргізілді. Арыз беру нәтижесі бойынша 35 838 адам тестілеуден өтуге өтініш білдірген, оның ішінде қазақ тілінде - 26 615, орыс тілінде - 10 162 және ағылшын тілінде - 61 адам.
Тестілеуден өткізу үшін ҰБТ ұйымдастыру жөнінде арнайы комиссия құрылған - 444 адам.
Мемлекеттік комиссия құрамына облыс немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.
ҰБТ тапсыру үшін 520 аудитория қолданылады. Аудиторияларда бейнебақылау камералары орнатылған және желіні өшіретін құрылғылармен қамтылған.
Показать комментарии
Читайте также