06 тамыз 2020 | 14:56

Қазақстандағы ең кедей отбасылардың балалары құрдастарынан бір жылға қалып қойып жатыр - сарапшылар

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік банк сарапшылары COVID-19 пандемиясының салдары Орталық Азияда адам дамуының дағдарысына алып келуі мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Коронавирус пандемиясы (COVID-19) халқының жартысы оқу оқитын балалар мен жастардан тұратын Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім саласына, адам капиталының дамуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ әрі жағымсыз сипатта ықпал етіп отыр. Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіріп жатыр. Дүниежүзілік банктің жүргізген есебіне сәйкес, жасөспірімдер арасындағы функционалдық сауатсыздық деңгейінің өсуі, яғни қоғам өміріне белсенді түрде араласуы үшін оқу мен жазудың, математиканың дағдысын пайдалана алмайтын оқушылардың саны көбеюі мүмкін.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік банк сарапшылары COVID-19 пандемиясының салдары Орталық Азияда адам дамуының дағдарысына алып келуі мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Коронавирус пандемиясы (COVID-19) халқының жартысы оқу оқитын балалар мен жастардан тұратын Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім саласына, адам капиталының дамуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ әрі жағымсыз сипатта ықпал етіп отыр. Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіріп жатыр. Дүниежүзілік банктің жүргізген есебіне сәйкес, жасөспірімдер арасындағы функционалдық сауатсыздық деңгейінің өсуі, яғни қоғам өміріне белсенді түрде араласуы үшін оқу мен жазудың, математиканың дағдысын пайдалана алмайтын оқушылардың саны көбеюі мүмкін.

Пандемияға дейін де Орталық Азиядағы білім беру саласы бірқатар қиындықпен бетпе-бет келген болатын. Атап айтқанда білім "кедейлігін" жою, осал оқушыларға тең мүмкіндік жасау үшін инклюзив білімді алға жылжыту секілді мәселелер болған. Орталық Азия елдерінің оқушылары Еуропадағы құрдастарынан орта есеппен бір жарым жылға артта қалған болатын. Аймақта оқып жатқан жастардың көбі PISA Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық бағалау бағдарламасының нәтижесінде функционалдық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен.

Реклама
Реклама

Әсіресе табыстары әртүрлі отбасы балаларының арасындағы теңсіздіктің, айырмашылықтың өсіп бара жатқаны ерекше алаңдатады. Бұл мәселеге бірнеше фактор, нақтырақ айтқанда, мұғалімдер мен балалар үшін қашықтан оқыту мен оқу материалдарының қолжетімділігі, сонымен қатар үй жағдайында оқу кезінде отбасылардың үлесі мен мұғалімдерді қолдаудың  айырмашылығы әсер етеді. PISA мәліметтеріне сәйкес Қазақстандағы ең кедей отбасылардың балалары өзінің құрдастарынан бір жылға, ал Қырғызстан Республикасындағы екі жарым жылға қалып қойып жатыр.

COVID-19 пандемиясы оқыту проблемасын одан ары қиындата түсті. Себебі мектептердің жабылуы ең осал санаттағыларға, оның ішінде алыс аудандардағы аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі барларға жағымсыз әсер етеді.

"Коронавирус пандемиясы білім беру мен оқыту жүйесіне қатты соққы беретіні соншалық, оның салдары ондаған жылдар бойы сезіліп, соның ішінде тек Орталық Азиядағы экономикалық шығын 44 млрд АҚШ долларға жетуі мүмкін. Бұл ең пессимистік сценарий емес екенін де атап өту керек. Аймақтағы мемлекеттер көптеген арна мен форматты пайдалана отырып, оқуға жедел қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады. Бірақ қазір Орталық Азия елдері жаңа әрі сапалы, тұрақты және әділетті білім беру жүйесінің негізін қалайтындай әрекет етуі керек", - дейді Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру саласындағы жетекші маманы Айша Вауда онлайн-баспасөз мәслихатында.

Дүниежүзілік банктің өкілдері коронавирус пандемиясының салдарын жою бойынша жоспарларды әзірлеу кезінде білім беру саласына бірінші кезекте мән берілуі керегін атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттер білім саласына бөлінетін қаражатты сақтап, қашықтан оқытудың сапасын көтеруі, білімге ғана емес, біліктілік пен дағдыға баса маңыз бере отырып, білім беру бағдарламаларының жеңілдігін қамтамасыз етуі; мұғалімдерге оқытудан қалып қою мәселесін жою бойынша тиімді стратегияны, оқытудағы шығындардың орнын толтыру үшін бағалау мен қосымша құзіреттерді әзірлеп, ұсынуы керек.

Әр баланы оқытуға кететін шығынды мұғалімдердің түсінуіне қарай бағдарламадан қалып қою мәселесін жоюға бағытталған арнайы білім беру жоспарларын әзірлеу керек. Әсіресе мектептердің жабылуынан зардап шеккендерге маңыз берген абзал. Аймақтағы мемлекеттер, сонымен қатар оқушылардың, жастар мен мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуды қамтамасыз етіп, қазіргі дағдарыстың қажеттігіне толығымен бейімделу үшін қашықтан оқытудың әртүрлі платформасында педагогтың оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізуіне көбірек мүмкіндік жасауы керек.

"Дүниежүзілік банк Орталық Азияда және бүкіл әлемде білім мен адам капиталын дамытуға ерекше маңыз береді. Өйткені біз мұндай инвестициялардың үлкен дивидендтерді әкелетінін түсінеміз. Бүгін біз Қазақстанда, Қырғыз Республикасында және Өзбекстанда COVID-19 жағдайында жұмыс жүргізуге арналған үш білім беру жобасын бейімдедік.  Осы жобалар арқылы жедел және қашықтықтан оқытуға қолдау шаралары жұмылдырылды. Мысалы, Қазақстанда қашықтықтан оқыту бақылауға алынып, ауыл мұғалімдеріне цифрлық жабдықтар беріліп жатыр", - деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры  Лилия Бурунчук.

Еске салайық, биыл оқу жылы қашықтан білім беру жүйесі арқылы басталады. Шалғайда орналасқан мектеп оқушылары ғана офлайн білім алады. Сондай-ақ қашықтан оқуға көшкен мектептердің бастауыш сыныптарында 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ашылады. Бала кезекші сыныпқа баруы үшін ата-анасы өтініш жазу керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная