ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2017 | 16:36
Қазақстандық дәрігерлер Меккеде жүрекке аса күрделі ота жасады
Қазақстан кардиохирургтері Сауд Арабиясының астанысында созылмалы жүрек жетіспеушілігі термикалды деңгейге жеткен 43 жастағы науқасқа жүректің сол жақ жасанды құлақшасын салу бойынша күрделі операция жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова мәлімдеді.

Ұзақ жыл осы дертпен жүрген науқасқа жүрек ауыстыру қажет болды. Мәселе тек донор табуға тіреліп тұрды. Бірақ донор табылмай қойды. Қазіргі медицина бұл мәселені имплонтация арқылы шеше алады. Қазақстанда бұрынғы кеңес елдері арасында алғаш рет мұндай күрделі операция 2011 жылы белгілі кардиохирург Юрий Владимирович Пяның жетекшілігімен Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалған болатын. Содан бері Орталықта 250 адамға кардиоимплантация жасалды, оның ішінде шетел азаматтарына да.
Айта кетейік, Меккеге ислам дініндегі адамдарға ғана кіруге болады. Ал әлемде кардиоимплантация жасай алатын мұсылман дәрігерлер жоқ. Сондықтан Астанадан мамандар командасы шақыртылған. Олар дәрігер Пяның шәкірттері: Серік Бекбосынов, Салтанат Жетібаева, Нұрлан Смағұлов, Рымбай Қалиев және Айсұлу Оспанова. Операция 2017 жылдың 13 маусымында жасалып, бес сағатқа созылды. Қазақстан дәрігерлері әріптестеріне шеберлік сағатын өткізді. "Науқастың жағдайы тұрақты. Төртінші тәулікте дринаждар алынды. Жағдайы жақсы", - дейді Бекбосынова.
Сауд Арабиясындағы дәрігерлер Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығымен ынтымақтастық туралы ойластырып жатыр. Олар осындай операцияларды жасау тәжірибесін жинақтап, қазақстандық дәрігерлерді аса күрделі жағдайларда әрі қарай да шықырып тұрмақ ниетте. Мұндай ынтымақтастықты Парсы шығанағындағы өзге елдер де қарастырып жатыр.
Показать комментарии
Читайте также