11 қазан 2021 10:29

Қазақстандық оқушылар еуропалық қатарластарына қарағанда қашықтан ұзақ оқыды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Tengrinews.kz

Еуропа мен Еуропалық экономикалық одақтағы қатарластарына қарағанда Қазақстандағы оқушылардың қашықтан оқу мерзімі ұзаққа созылды. Коронавирус шектеулері Орталық Азия елдеріне, Еуропаның кейбір елдеріне, оның ішінде дамыған елдерге қарағанда Қазақстан мектептеріне көбірек әсер етті. Мәселен, республикадағы мектептер рекордтық көрсеткіште 11 ай мен 3 аптаға дейін жабылды, оның ішінде 2,5 айға жуығы - толық, 8 ай және 3 апта - ішінара оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz. сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашықтан оқу Қазақстанда инфрақұрылымға ерекше әсер етті. Мысалы, Қырғызстанда мектептер 6,5 айға жабылды, Ресей, Армения және Өзбекстанда шамамен 3 айға созылды. Ал "ковид - диссидент" елдерде (мысалы, Тәжікстан, Түрікменстан немесе Беларусь) қашықтан оқытуға мүлдем көшкен жоқ, мектептер жабылмады. Еуропа елдерінде мектептердің ұзақ мерзімді жабылуы Польшада (10 ай және 3 апта) және Германияда (9,5 ай) байқалды. Қазақстандық оқушылар еуропалықтардан да ұзақ уақыт қашықтан оқыды.

Қазақстанда ұзақ мерзімді қашықтан оқытуға төтеп беру қазіргі инфрақұрылымның, бірінші кезекте - интернет қолжетімділігінің арқасында жүзеге асты. Биыл, бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша интернетпен 98,3 пайыз қамтылды. Бұл ретте республикада мобильді интернет қолданылатынын ескерген жөн. Маусымның соңына қарай елімізде интернетке қолжетімділігі бар 16 миллион ұялы байланыс абоненті болды, бұл былтырдан 6,9 пайызға артық.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram