Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық оқушылар Сеулде EXPO-2017 көрмесін таныстырады

31 Шілде 2015, 11:55
0
© Үvision.kz
© Үvision.kz

Астана мен Атыраудан мектеп командаларының оқушылары кәсіпкерліктен Сеулде өтетін SAGE WORLD CUP-2015 13-ші әлем чемпионатына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық оқушылар құс шаруашылығы жобасын және еріктілерге арналған ұялы телефон қосымшасын таныстырады.

Қазақстандағы жобаның ұлттық координаторы Зәуре Увалиеваның айтуынша, SAGE білім бағдарламасының маусымда өткен қазақстандық кезеңінде оқушылар қаржылық қолдаудың болмағандығынан жобаларын қорғай алмаған. Шара өтер алдында ұйымдастырушылар демеушілердің қаражат бөлуден бас тартқандарын білген.

"Дегенмен ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдардан кейін ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов өз қаражатынан ақша бөлді", - деді Увалиева.

Нәтижесінде қазақстандық кезеңнің финалы шілдеде болды. Екі аталым бойынша екі жеңімпаз анықталды. "Әлеуметтік кәсіпкерлік" номинацисы бойынша Астана командасы жеңіске жетті.Үш адам еріктілерге арналған ұялы телефон қосымшасын таныстырды. "Әлеуметтік жауапты кәсіп" номинациясы бойынша Атырау командасы жеңімпаз атанды. 4 адам құс шаруашылығы жобасын таныстырды.

Енді екі мектеп командасы Сеулге барады. Басты ұйымдастырушы мен ақпараттық қолдаушы - Ұлттық кәсіпкерлр палатасы, қазақстандық делегацияны "Эйр Астана" әуе компаниясы тасымалдайды.

Чемпионат кезінде Expo-2017 халықаралық көрмесі туралы жоба таныстырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай