21 тамыз 2020 | 09:24

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

Фото: elements.envato.com

Қазақстандық студенттер Ресейдегі сабағына бару үшін ресейлік үкіметтен елге кіруге рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды "Коммерсантъ"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық студенттер Ресейдегі сабағына бару үшін ресейлік үкіметтен елге кіруге рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды "Коммерсантъ"

Қазақстан мен Ресей шекарасы коронавирусқа байланысты жабық тұр. Сондықтан студенттерге қашықтан оқу ұсынылды. Бірақ өтініш жазған студенттер күндізгі оқуға қарағанда қашықтан оқудың сапасы бәсекеге қабілетті болмайды деп есептейді. Сондай-ақ медицина және шығармашылық бағытта қашықтан оқу мүлдем мүмкін емес делінген хатта.

Реклама
Реклама

"Біз, ресейлік ЖОО студенттері, шекаралар жабық болғандықтан оқуымызға орала алмай отырмыз, кіруге рұқсат беруіңізді сұраймыз", - деп өтінді қазақстандық студенттер Ресей үкіметі, СІМ және тағы басқа ведомствоны атап.

Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника университетінің студенті Екатерина Виниченконың айтуынша, хатқа оның мыңға жуық отандасы - қазақстандық студенттер қол қойған. Олар жатақханада киімдері мен ноутбуктері қалғанын айтып шағымданған, ал кім пәтер жалдаса, онда жатақханадан шығарып жіберуі мүмкін екен.

Бұған дейін ресейлік ЖОО қыркүйектен бастап күндізгі оқуын жалғастыратыны хабарланды. Ал шетелдік студенттер Ресейге келгеннен кейін 14 күн бойы оқшаулау режимінде болады.

Алайда Қазақстаннан келетін студенттерге шекарашылар оқу үшін кіргізе алмайтынын айтты. Ресейдегі ҚР елшілігінің сайтында да қазақстандық студенттерге шектеу шаралары аяқталған соң кіруге рұқсат етілетіні жазылған.

"Медицинада қалай тәжірибеден өтеміз, химиядан лабораториялық жұмыстарды қалай орындаймыз, хирургияны сырттай қалай оқимыз - түсіне алар емеспін", - деді "Университет ынтамақтастығы" аймақаралық кәсіподақтың тең төрағасы Павел Кудюкин.

Басылымның мәліметінше, Ресейде шетелден 300 мыңға жуық студент оқиды. Олардың көбі - Қазақстан, Қытай және Өзбекстаннан келгендер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная