ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 09:54
Коронавирус: ғалымдар вакцинаны сынау мерзімін қысқартудың салдарын айтты
АҚШ-тағы Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова коронавирустан вакцинаны сынау мерзімін қысқартудың салдары қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тағы Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова коронавирустан вакцинаны сынау мерзімін қысқартудың салдары қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, вакцинаның соңғы фазасында - өмірде адамға салынатын мерзімін қысқарту нұсқасы бар. Бірақ ол түрлі проблемаға әкеп соғуы мүмкін.
"Вакцинаны тезірек сынап көретін нұсқасы - бұл вакцинаны адамға салып көретін сынақтың үшінші кезеңін алмастыру. Жұқтыру қаупі жоғары жерлерде жұмыс істейтіндер, мысалы дәрігерлер мен медбикелер, сынаққа қатысуға келісім беріп, қол қояды. Ал ғалымдар бұл вакцина қалай жұмыс істейтінін қадағалап отырады. Мүмкін адам денсаулық жағдайын белгілеп отыратын мобиль қосымша арқылы жасауы керек шығар", - дейді Баранова.
Ол әдетте вакцинаны сынаған кезде еріктілердің бір тобына вакцина, ал екінші тобына физиологиялық ерітінді егетінін айтты. Дәрігерлер де, сынаққа қатысушылар да кімге вакцина, кімге жай ерітінді салынғанын білмейді. Еріктілер үйіне кетеді және кәдімгі өмірін жалғастырады. Коронавирус жұқтыру қаупі бар жерлерге де бара береді. Ал ғалымдар олардың қалай ауырытанын және оның қандай формада байқалатынын бақылайды.
Биолог вакцинаны әзірлеген кезде бірінші кезеңде препараттың дозасы мен егу схемасы анықталатынын түсіндірді.
"Мүмкін ол бір рет, мүмкін екі рет егілетін шығар. Қай нұсқасы жақсы болса, соны тәжірибеде пайдаланады. Қосымша вакцинациялау (бустер) иммунитеттің мықты болып, ұзақ уақыт вирусқа тойтарыс беруіне көмектеседі, бірақ оның "логистикасы" қиындау болады", - деді Баранова.
Ғалым вакцинаны сынаудың үшінші кезеңіне жарты жылдай уақыт керек деп болжады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также