23 сәуір 2020 09:35

Коронавирус салдарынан инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін

© elements.envato.com

Коронавирус инфекциясының салдарынан науқаста инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның Жедел штабына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус инфекциясының салдарынан науқаста инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның Жедел штабына сілтеме жасап. 

Неміс ғалымы, Нюрнберг қаласындағы орталық клиниканың неврология бөлімінің басшысы Франк Эрбгут COVID-19-дың салдары туралы айтты. Профессордың сөзінше, вирустан симптомы ауыр болған науқастарда инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналу тіпті эпилепсия түрінде асқынулар болуы мүмкін. Вирус ағзадағы жүйке жасушалары шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

Реклама
Реклама

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Уханда 36,4 пайыз науқаста анықталғанын айтқан. Алайда профессор мұндай асқынулар кең көлемде болмайтынын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram