09 тамыз 2021 12:36

Коронавирусты 70 пайызға "өлтіретін" препарат табылды

Фото: elements.envato.com

Халықаралық ғалымдар тобы "Фенофибрат" препараты және оның белсенді түрі фенофибрин қышқылы адам жасушасындағы коронавирусты жоя алатындығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ғалымдар тобы "Фенофибрат" препараты және оның белсенді түрі фенофибрин қышқылы адам жасушасындағы коронавирусты жоя алатындығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фенофибрат жүрек-тамыр аурулары бар науқастарда холестеринді төмендету үшін қолданылатын құрал. Frontiers in Pharmacology журналында жарияланған мақалада, ғалымдар коронавирустың ақуыз шыбықтарының АСЕ2 жасушалық рецепторларымен байланысу мүмкіндігін бұзатын препаратты іздегенде фенофибратқа назар аударған.

Жасушалық дақылдардағы зертханалық тәжірибелер фенофибраттың вирустық жүктемені 70 пайызға төмендетуге қабілеті бар екенін көрсетті. Бұл SARS-CoV-2 штамдарының көпшілігіне әсер етеді. Бірақ оның коронавирустың "дельта" штамына қарсы тиімділігі әлі де зерттеләп жатыр.

Реклама
Реклама

Фенофибрат бүкіл әлемде бар және өте арзан. Сондықтан табысы төмен және орташа елдерде, сондай-ақ вакцинация ұсынылмаған пациенттер үшін бұл өте пайдалы болуы мүмкін.

Фенофибраттың коронавирусты емдеуге көмектесетіні туралы алғаш рет 2020 жылдың шілдесінде айтылды. Содан кейін зертханалық зерттеулерде препарат "перспективалы нәтижелер" көрсетті: өкпе жасушаларына көбірек май жағуға мүмкіндік беру арқылы препарат осы жасушалармен вирустың сақталуын бұзады, осылайша SARS-CoV-2-нің көбею қабілетіне жол бермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram