ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2020 | 10:09
Коронавирусты асқындыратын дерт аталды
Жүрек-қан тамырлары аурулары коронавирустан қайтыс болу қаупін 4,5 есеге арттырады. Қытайлық мамандардың зерттеуі JAMA Cardiology журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар COVID-19 дертінен қайтыс болғандар мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандардың арасында байланыс барын анықтаған.
Мамандар 416 науқасқа зерттеу жүргізген. Осылайша зерттеу қорытындысы жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққандардың өзгелермен салыстырғанда коронавирустан жиі қайтыс болатынын көрсеткен.
"Уханда әрбір бесінші науқас жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққан. Сондықтан мұнда коронавирустан өлім көрсеткіші жоғары деуге болады", - дейді ғалымдар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также