Көзілдірік киетіндер көру қабілеті жақсылардан ақылдырақ - ғалымдар

© Babyzzz.ru

Нашар к?ру мен к?зілдірік кию ?ажеттілігі интеллектіні? жо?арылы?ымен байланысты болуы м?мкін. 300 мы?нан астам адамны? генетикалы? м?ліметтерін зерттеген Эдинбург университетіні? ?алымдары осындай пайым?а келіп отыр. Зерттеу ?орытындысы Nature Communications журналында жарияланды.

Нашар көру мен көзілдірік кию қажеттілігі интеллектінің жоғарылығымен байланысты болуы мүмкін. 300 мыңнан астам адамның генетикалық мәліметтерін зерттеген Эдинбург университетінің ғалымдары осындай пайымға келіп отыр. Зерттеу қорытындысы Nature Communications журналында жарияланды.

Жалпы ғалымдар когнитив мүмкіндіктермен байланысты 148 генетикалық локусты (генетикалық картадағы геннің орналасуы) анықтап, түрлі факторлардың (қолдың қарымынан күйзеліске дейін) интеллектке қалай әсер ететінін бағалаған. 

Зерттеушілер мына заңдылыққа көз жеткізген: зерттеуге қатысқан ең ақылды адамдарда көзілдірік кию қажеттілігін тудыратын гендердің болуы басым. Сонымен бірге, ғалымдар жоғары интеллект пен ұзақ өмір, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығудың төмендігі, психиканың мықтылау болуы мен қан тамырларының саулығы арасындағы байланысты анықтады, 

Реклама
Реклама

"Бұл зерттеу көптеген ой мүмкіндіктерімен байланысты генетикалық айырмашылықтардың бетін ашты", - дейді ғалымдар тобына жетекшілік ететін доктор Гейл Дэвис. Мұның алдындағы зерттеулер көзілдірік киетін адамдарды өзгелер ақылды, сенімді, еңбекқор және адал ретінде қабылдайтынын анықтаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама