30 желтоқсан 2019 11:28

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Азамат Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Реклама
Реклама

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген. 

2015-2017 жылдары -ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президенті. 2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram