Күннің тұтылуы құбылысы басталды

Күннің тұтылуы құбылысы басталды ©funofus.com

Қазақстанның солтүстік-батысында Күннің тұтылуы байқала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай құбылыс әлемде жыл сайын болып отырады, бірақ Айдың Күн бетін бір ғана ендікте жауып өтуі 18 жылда бір рет болып тұр. 

Қазақстанның астанасы аумағында Күннің тұтылуы сағат 16.08-де басталды, 16.57-де ол ең жоғарғы шегіне жетеді. Шамамен дәл осы уақытта оны Орал, Қостанай, Семей, Павлодар, Атырау, Петропавл тұрғындары да тамашалай алады. Алматылықтар бұл құбылысты анық байқай алмайды - Күннің беті сегіз пайызға ғана жабылады.

Күннің тұтылуын көру үшін күңгірт әйнекті немесе ескі фотопленканы пайдаланған жөн. Астрономдардың айтуынша, Күннің тұтылуы адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсер етпейді.  

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама