Қытай Марста түсірілген алғашқы суреттерді жариялады

Фото: CNSA

Қытайлық Zhurong құрылғысының Марста түсірген суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) сайтына сілтеме жасап.

Қытайлық Zhurong құрылғысының Марста түсірген суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) сайтына сілтеме жасап.

Суреттерді Марстағы "Чжучжун" роверінің борт камералары түсірген. Суреттердің бірінде қону модулі мен "Чжуронг" роверінің ашылғаны көрсетілген.

Осылайша Қытай Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін Марсқа зерттеу аппаратын қондырған үшінші ел болды.

Реклама
Реклама

"Чжучжун" құрылғысының салмағы 240 келі. Ол бірнеше навигация және шолу камерасы, сондай-ақ бес ғылыми құралмен жабдықталған. Олардың көмегімен аппарат Қызыл планетаны, топырағын және метеорологиялық жағдайларын зерттейді. Ровер планетада кем дегенде 3 ай болады.

Орбиталық модуль, қону капсуласы және роверден тұратын Tianwen-1 Марсты зерттеуге арналған алғашқы Қытай ғарыш кемесі. Ол 2020 жылдың 23 шілдесінде Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылған.

Бұған дейін Қытай ровері Марс бетіне сәтті қонған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама