02 ақпан 2021 20:41

Lancet журналы "Спутник V" вакцинасына қатысты зерттеу нәтижесін жариялады

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ұлыбританиялық Lancet медициналық журналының ғалымдары Ресейдің "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасын тексеріп жатыр. Ғылыми журнал ресейлік вакцинаның клиникалық зерттеулерінің үшінші кезеңінің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Lancet журналының сайтында зерттеуге 20 мыңнан аса ерікті қатысқаны айтылған. Gam-COVID-Vac зерттеуінің үшінші кезеңінің аралық талдауы COVID-19 тиімділігі 91,6 пайыз болғаны, вакцинаны адамдардың басым бөлігі жақсы қабылдағаны айтылады.

Реклама
Реклама

РИА Новости хабарына қарағанда, Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев бұл жарияланымды пандемиямен күресте елеулі оқиға деп атаған.

"The Lancet журналы жариялаған мәліметтер "Спутник V" әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина ғана емес, сонымен қатар ең үздіктерінің бірі екенін дәлелдейді. Тәуелсіз сарапшылар жинаған және бағалаған және The Lancet журналында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол коронавирустың ауыр жағдайларына қарсы толықтай қорғайды", - деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда тәуекел тобындағы адамдар арасында жаппай ерікті вакцинация басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram