24 қараша 2017 | 14:00

Мамандар мұғалімдердің күнделікке неге баға орнына смайлик қоятынын түсіндірді

© facebook/Андрей Андреев

Педагогтар оқушылардың күнделігіндегі баға қоятын орынға неге смайликтер қойылатынын түсіндірді. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына "Назарбаев зияткерлік мектебінің" өкілдері берген жауапта бұл "формативті бағалау" екені айтылған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Педагогтар оқушылардың күнделігіндегі баға қоятын орынға неге смайликтер қойылатынын түсіндірді. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына "Назарбаев зияткерлік мектебінің" өкілдері берген жауапта бұл "формативті бағалау" екені айтылған. 

Педагогтардың сөзінше, формативті бағалау кезінде білім алудың қазіргі жағдайы туралы ата-аналар мен оқушылар ақпараттандырылып, кері байланыс пайда болады. 

Реклама
Реклама


© Facebook/Андрей Андреев

"Қажетті жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық түрде де орнатылуы мүмкін. Мәселен мұғалім оқушы нені жақсы істейтіні туралы ақпарат береді, қателерін түзеу үшін қайталауға кеңес береді, ары қарайғы мақсаттарды анықтайды", - дейді "Назарбаев зияткерлік мектебінің" Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары Айдана Шілікбаева. 

Кері байланыс оқушылармен үздіксіз байланыста болып, осы арқылы білім беру процесінің ары қарайғы жоспарлауы жүреді. 

"Қазіргі кезде формативті бағалау әлемнің көптеген елдерінде білім берудің барлық деңгейінде қолданылады. Англия, Гонконг, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және басқа да елдерде формативті бағалауды дамыту қолға алынған. Бұл формативті бағалаудың жоғары көрсеткіштерге жетудің қуатты құралы", - дейді педагогтар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная